Шымкентте әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісіне байланысты сот басталды

701

8 адам сот алдында жауап беріп жатыр.

Шымкентте әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісіне байланысты сот басталды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісіне байланысты Шымкентте алғашқы сот отырысы өтті. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен 8 адам жауапқа тартылып отыр. Күдіктілердің алтауы уақытша тергеу изоляротында қамауға алынса, қалған екеуі әзірге бостандықта жүр.

Алғашқы, сот отырысында прокурор бостандықта жүрген екеудің бірі қамалсын деп сотқа арыз берді. Енді оның жауабы ертең анықталмақ.

Еске сала кетсек, атышулы оқиға осы жылдың ақпанында орын алған еді. Әскери бөлім қызметкері Абылай Балғымбай қару-жарақ тасуды қаңтарда бастаған екен. Осы уақыт арасында ол 46 қаруды қолды етіп үлгерген: 29 - автомат, 16 - Макаров пистолеті, 1 - Стремир тапаншасы. Қазіргі болжам бойынша, ол тапаншаны қалада сатқан және жауапқа тартылған 7 азамат сол қаруды сатып алғандар болуы мүмкін.

Айта кетейік, қылмыстық іс 5-бап бойынша қаралып жатыр. Олар: ҚР ҚК 447-баптың 2-бөлігі, 291-баптың 3-бөлігі, 287-баптың 4-бөлігі, 442-баптың 2-бөлігі, 28-баптың 5-бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу