Шымкентте бір көшені тазалауға 25,5 млн теңге бөлінген

490

2023 жылы Шымкент қаласында 3 443 көшелердің санитарлық тазалығын сақтауға 5 млрд теңге қарастырылған. 

Шымкентте бір көшені тазалауға 25,5 млн теңге бөлінген Фото: Otyrar.kz

Ал мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы бойынша 443 көшеге - 11,3 млрд. бөлінген, яғни бір көшеге - 25,5 млн бөлінген, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестірудің әлсіздігі мен жобаларға сараптама мен бақылау жүргізу жүйесіздігіне байланысты мемлекеттік сатып алуды айналып, 1 трлн теңгеге міндеттемелер қабылданды. Ал бұл 50%-дан астам  Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттарына сәйкес келмейтін жобалар, яғни олар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінсіз, жеке серіктестермен жоғары бағамен келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді.

"Мысалы 2023 жылы Шымкент қаласында 3 443 көшелердің санитарлық тазалығын сақтауға 5 млрд теңге қарастырылған, сонда 1 көшеге орта есеппен 1,5 млн теңге.  Ал мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы бойынша 443 көшеге - 11,3 млрд. бөлінген. Бұл 1 көшеге - 25,5 млн. теңгеге міндеттемелер қабылданды", — деді деді сенатор Бекболат Орынбеков.

Осылайша, көрсетілген әріптестік бюджетке салмақ артқаннан оның принциптерін түбегейлі қайта талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу