СҚО-дағы көктемгі дала жұмыстарына 71 мың тонна отын бөлінді – Болат Ақшолақов

738

СҚО-дағы көктемгі дала жұмыстарына 71 мың тонна отын бөлінді. Бұл жайлы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен өткізген кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz өңірлік телеарнаға сілтеме жасап. 

СҚО-дағы көктемгі дала жұмыстарына 71 мың тонна отын бөлінді – Болат Ақшолақов

Айтуынша, диқандарға жанар-жағармайдың әр тоннасы 212 мың теңгеден сатылады. Өнім құны жарты жыл көлемінде өзгермейді. Яғни, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сұйықтықты 180 күннің ішінде бекітілген бағамен сатып алады. Жақын арада салада мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша реформа да жүргізілмек. Қазіргі таңда ведомство өндіруші мен тұтынушы арасында жұмыс істейтін компаниялардан арылу жайын қарастырып жатыр екен. Бұл амал мұнай өнімдерін өндіру және бөлу нарығында ашықтықты қамтамасыз етпек. Ірі тұтынушыларда отын қоры да құрылады. Оның көлемі 200 мың тоннаны құрамақ. Соныман қатар, ел аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу 6 айға ұзартылмақ.

"Біз аймақтық операторлардан бас тартқымыз келеді. Нақтырақ айтсақ, министрлік мұнай өнімдерін өндірушілердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тікелей отын сатқанын қалайды. Ол үшін диқандар жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жиынтық база құруға тиіс. Осы арқылы біз шаруада қанша егістік жерінің және қанша дизель отынының барын біліп отырамыз",- деді Болат Ақшолақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу