Сметов Конфедерация Кубогында жаңа салмақта белдеседі

840

Сметов Конфедерация Кубогында жаңа салмақта белдеседі

"Олимпиадада алтын алуға сәттілік қана жетіспеді", — дейді Елдос Сметов sports.kz-ке берген сұхбатында. Бұл туралы egemen.kz жазады. 

Дзюдошының айтуынша, ол физикалық тұрғыда да, психологиялық тұрғыда да жақсы дайындықта болған. Әрі финалдың қалай өткеніне де көңілі толады екен.

Дзюдошының ендігі мақсаты — Токио Олимпиадасынан алтын алу. Тіпті, болашақта бапкер болу ойында бар ма екенін сұраған журналистке ол: "Бұл туралы әлі ойланбадым. Менің қазіргі ойым да, күшім де тек Токио Олимпиадасына бағытталған", деп жауап берді.

Жақында Алматыда "Балуан Шолақ" спорт кешенінде  3-4 желтоқсан күндері жүлде қоры 125 миллион теңгеден асатын спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогы өтетінін хабарлаған болатынбыз. Бұл сайыста 66 кг салмақта белдесетін Елдос өзінің дайындығы туралы да аталмыш сұхбатта айтып өтті. "Олимпиадаға дайындалғандай қатты дайындығым жоқ. 66 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде шығатыным да оңай болмайтынын сезіп отырмын. Барлығын татами көрсететін болады", деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Ол бұған дейін 60 кг салмақта күресетін.

Елдос биыл алғаш рет өткізілетін сайысты жеткіншектердің спортқа қызығушылығын оятатын бастама ретінде бағалады.

Бәріміз байқағанымыздай, соңғы уақыттарда қазақстандық дзюдошылар әлемдік аренада жақсы нәтижелермен көзге түсіп жүр. Олимпиададан кейін татамиге енді шыққалы отырған Елдос бұған мемлекеттің қолдауы да әсер етті деп отыр. "Президенттің тапсырмасымен облыстарда халықаралық стандарттарға сай спорт кешендері салынды. Спорттты насихатау үшін де үлкен жұмыстар атқарылуда. Олимпиада ойындарындағы қазақ спортшыларының жтістігі — бұл мемлекеттің спортшыларға көрсетіп жатқан үлкен еңбегі мен ықыласының нәтижесі", дейді Елдос.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу