Солтүстік Кореяның ұшырған зымыраны сәтсіздікке ұшырады

977

Солтүстік Кореяның ұшырған зымыраны сәтсіздікке ұшырады

Солтүстік Корея зымыран ұшыру кезінде сәтсіздікке тап болды.

Бұл туралы АҚШ қарулы күштері мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.

 Зымыран Солтүстік Кореяның солтүстік-батысындағы Кусон қаласында ұшырылған. Алайда Оңтүстік Корея әскерінің дерегіне сүйенсек, зымыран діттеген жеріне жетпей, әуеде жарылып кеткен.

Америкалық әскерилердің болжамынша, олар орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыран ұшырған.

Айта кетейік, Солтүстік Кореяда бұған дейін, яғни 14 қазанда баллистикалық зымыран ұшыру сәтсіз аяқталған еді. Ал 9 қыркүйекте бұл ел өз тарихында 5-рет ядролық қаруды сынақтан өткізді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу