Соңғы 3 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 47 пайыз артты

720

Соңғы 3 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 47 пайыз артты

Қазақстанның қол жеткізген бәсекеге қабілеттілік деңгейін қолдау және оның одан әрі кеңеюі үшін агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің тәсілдері қайта қаралып, ішкі нарықтың қорғалуына, сыртқы сауда нарығын кеңейтуге, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға баса назар аударылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев тұрғындармен есептік кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Шығарылған жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері 3,9%-ға, өндірілген тамақ өнімдері 6,3%- ға артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 3 айда 47%-ға, оның ішінде өңделген өнімдер экспорты 26%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі 1,4%-ға өсіп, 88 млрд теңгені құрады. 2018 жылы егістік жерлер көлемін 50,2%-ға (11,4 млн га) қысқарту жоспарланып отыр.
Мал шаруашылығында өткен кезеңде мал мен құс саны орта есеппен 4,1%-ға ұлғайды. Сондай-ақ, өндірілген ет көлемі 4,8%-ға (345,1 мың тоннадан 361,6 мың тоннаға дейін), сүт 2,5%-ға (1942,9 мың тоннаға 1992,5 мың тоннаға), жұмыртқа 15,7%-ға (1896,1 млн данадан 2194,4 млн данаға дейін) артты.
Қазіргі уақытта азық-түліктің негізгі 30 түрінің 25-і бойынша қамтамасыз етілуі 80%, ал кейбір түрлері бойынша 100% құрап отыр. Ішкі нарық осы өнім түрлерімен қамтамасыз етілуде. Импортқа тәуелді құс еті, алма, ірімшік және сүзбе, шұжық, қант, балық бұл тізімге кірмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу