Сот Лилия Рахты 7 жылға бас бостандығынан айырды

808

Сот Лилия Рахты 7 жылға бас бостандығынан айырды

Бүгін Алмалы аудандық сотында белгілі кәсіпкер Лилия Рах пен оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат" ХАА. 

Адам ұрлады деп айыпталған Лилия Рах 7 жылға, Мири Паз 7,5 жылға, Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев   8 жылға жеке мүлкі тәркілене отырып сотталды.

Айта кетейік, жарыссөзде Лиля Рахқа мемлекеттік айыптаушы Әлия Қаисова 7 жыл 6 ай жеке мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сонымен қатар, прокурор "Рах ісі" бойынша сотталушылардың бірі Мири Пазды жеке мүлкін тәркілей отырып, жалпы режімдегі колонияда 8 жыл 6 ай жазасы өтеуді, Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, апта соңында өткен сот отырысында айыпталушылар: Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев іске қатысты жауап беріп, жәбірленуші Хамро Сувановпен мәмілеге келгенін айтқан болатын. Еске сала кетейік, Хамро Суванов сот талқылауында Лилия Рахты кешіргенін, онымен бас араздығы болмағанын айтып, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған. Лилия Рахтың авдокаты қорғауындағы азаматшаның уақытша тергеу абақтысында денсаулығы нашарлауына байланысты оны қамауда ұстау туралы сот қаулысын үй қамаққа ауыстыру немесе кепілдік арқылы босату туралы сотқа өтінім берген. Алайда, сот Лилия Рахты уақытша тергеу абақтысында ұсауды мерзімін желтоқсан айына дейін ұзартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу