СОVID-19-ға қарсы екпені алуға 2 түрлі әдіспен өтініш беруге болады

823

Коронавирусқа қарсы екпені алғысы келетіндер 2 түрлі әдіспен өтініш бере алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

СОVID-19-ға қарсы екпені алуға 2 түрлі әдіспен өтініш беруге болады

Бірінші әдіс, Еgov.kz порталы арқылы өтініш беру.

"Бұл порталда алдын ала жазылу арқылы коронавирусқа қарсы екпені алуға мүмкіндік беретін қызмет іске қосылды. Бұл қызмет тұрғындарға өздеріне ыңғайлы уақытқа жазылып, мединиалық ұйымды таңдап, екпе алуға мүмкіндік береді. 
Медициналық ұйымдардың тізімі порталда бар", - деді басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кейін учаскелік дәрігер екпе алғысы келетін адамды тізімге тіркейді. 

"Оның (вакцина алғысы келетін адамның – автор) ұялы телефонына SMS жіберіледі. Онда вакцинаны алу күні, қайда екпе салынатыны жазылады. Коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаннан кейін науқас 10-30 минут дәрігерлердің бақылауында болады. Кейін учаскелік дәрігер адамға телефон арқылы хабарласып, жағдайын біліп отырады", - деді Тимур Мұратов.

Екінші әдіс, емханаға алдын ала жазылу арқылы екпе алуға болады.

Сонымен қатар басқарма басшысы қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері ашылатынын атап өтті.

"Бүгінде MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығында халықты вакцинациялауға дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда дәрігерлер мен медбикелерден тұратын 2 бригада түске дейін және кейін жұмыс істейді", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтанда 600 мыңнан аса тұрғынға коронавирусқа қарсы екпе салынатыны хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу