Стамбұлдың Байрампаша ауданындағы пластамасса бұйымдарын шығаратын 3 қабатты фабрикадан өрт шықты. Бұл туралы Haberler.com сатына сілтеме жасап 24 Хабар жазып отыр.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар жөнелтілді. Әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түспеді. Дегенмен өртке оранған ғимарат ішінде жұмыскерлер қалып қойған көрінеді. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу