Студенттер қазақ әрпін латынға аударудың оңтайлы жолын ұсынды

793

 Студенттер қазақ әрпін латынға аударудың оңтайлы жолын ұсынды

Шымкенттік студенттер қазақ әрпін латынға аударудың оңтайлы жолын ойлап тапты. Тың жобаны Политехникалық колледж тәлімгерлері ұстаздарымен бірге бір айда жасап шығыпты. Интернет жүйенің қолданылуы оңай. Тұтастай сөйлемді бағдарламаға еңгізсеңіз, компьютер автоматты түрде латын әрпімен жазып береді,мағынасы өзгермейді, деп хабарлайды khabar.kz.
"Төлқұжатқа 26 әріппен латын тіліне ағылшын нұсқасын жазады. Біз әзірге осыны негізге алып отырмыз. Егер мемлекет тарапынан біздің латын әріптерін белгілі бір нұсқада бекітіп беретін болса, біз соған қарап, бағдарламаны жарты сағатта дайын қыламыз. Яғни біз көпшілік қолданатын аударма, яғни қазақ тілінің латын тіліне қажет бағдарламасын халыққа дайындап отырмыз.", - дейді жоба жетекшісі Қуаныш Рысқұлов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу