Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
54 келіде сынға түскен Самат Темірхан және 58 келіде бақ сынағат Айтуар Шайкеновтер турнирдің қола жүлдегері атанды. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде 67 келіде финалға шыққан Ақсәуле Ерқасымова күмісті қанағат тұтты.
Бүгін тағы сегіз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу