Талдықорған билігі 100-ге жуық сауда дүкенін тексерді, деп хабарлайды Atameken Business.
Арнайы құрам ірі орталықтармен қоса, шағын дүңгіршектерді де назардан тыс қалдырмады. Басым бөлігінде қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмаған. Мәселен, сатушылар бетпердесіз, қолғапсыз қызмет көрсетуде. Ал сөрелерге қойылғаннан, тағы басқа кулинарлық өнімдердің сырты қапталмаған. Кей дүкендерде санитайзерлер мен залалсыздандыру құралдары жоқ болып шықты. Нәтижесінде, құқық бұзғандарға ескерту жасалып, он шақты кәсіпкерге 10 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу