Таразда "Форте банктың" жаңа ғимараты ашылды

1067

Таразда "Форте банктың" жаңа ғимараты ашылды

Тараз қаласында "Форте банк" акционерлік қоғамы облыстық филиалының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екінші деңгейлі банк филиалының орталық кеңсесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Салтанатты шарада облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.

 Айтулы шараға арнайы келген "Форте банк" АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов банк үшін Жамбыл өңірі – маңызды аймақ саналатынын жеткізді.Сондай-ақ, облыс әкімдігімен жасалған өзара келісімшарт нәтижесінде 11,1 миллиард теңгені құрайтын банк қаражаты көлемін арттыру жоспарланып отырғандығын да тілге тиек етті.
Бұдан кейін облыс әкімі К. Көкірекбаев пен "ФортеБанк" АҚ басқарма төрағасы М.Әуезов ғимараттың салтанатты түрде лентасын қиып, өзара әріптестік ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу