Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесі қайта қаралды

461

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. 

Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесі қайта қаралды Фото: pixabay.com

Әдістеменің жаңартылған редакциясындағы негізгі жаңалықтың бірі – тауар нарығын талдау жоспарлы және жоспардан тыс деп бөлінуінде, деп жазады inbusiness.kz.

"Жоспарлы талдау бәсекелестікті институционалдық дамыту құралы ретінде қолданылатын болады. Бұл тетік бірінші кезекте тауар нарықтарының жұмыс істеуінің жүйелі проблемаларын, оның ішінде бәсекелестік үшін заңнамалық шектеулер мен әкімшілік кедергілермен байланысты проблемаларды анықтауға бағдарланатын болады", - делінген хабарламада.

Жоспарлы талдау кезінде бағалау жүргізіледі:

  • қарастырылып отырған тауар нарығында жаңа сатушылардың пайда болу жиілігі;
  • қарастырылып отырған тауар нарығының өңіраралық және халықаралық сауда үшін ашықтығы;
  • қарастырылып отырған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің техникалық даму деңгейі;
  • қарастырылып отырған тауар нарығында үлесі 35 пайыздан асатын нарық субъектілері үшін пайда мөлшері мен капиталды тарту шығындарының арақатынасы;
  • сатушылардың инновациялық қызметі және маркетингтік стратегиясы;
  • бәсекелес нарық субъектілерінің өзара тәуелділік дәрежесі.

Бұдан бөлек сауалнама және сараптамалық бағалау әдістерін қолдана отырып, әлеуетті сатушылардың құрамы айқындалатын болады.

"Жоспарлы талдау жүргізу мерзімі 12 айдан 6 айға дейін қысқартылды. Бұл талдау түрі жедел әрекет ету құралы ретінде қолданылатын болады. Бұл тетік бірінші кезекте бұзушылықтар белгілерін қарау, экономикалық шоғырлануды реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуының орындылығын бағалау кезінде нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға бағдарланатын болады", - деп хабарлады агенттік.

Талдау жүргізу мерзімі тауар нарығының шоғырлануына байланысты 12 айдан 3 айға дейін қысқартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу