Теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға әлсіреді

662

2020 жылғы 28 тамыз – 4 қыркүйек аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу.

 Теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға әлсіреді

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 4 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (420,11-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 420,76 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 28 тамыз – 4 қыркүйек аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиға орын алды. АҚШ-тың бірқатар оң макроэкономикалық деректерінің шығуы доллар бағамының жаһандық нығаюына себепші болды: тамызда іскерлік белсенділік индексі 56 тармаққа дейін өсті, жұмыссыздық 8,3%-ға дейін төмендеді, ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жұмыс орындарының саны 1,37 миллионға ұлғайды. ЕОБ өкілдері ақша-кредит саясаты үшін айырбастау бағамы "маңызды" деп атап, еуро бағамының нығаюына алаңдаушылық танытуда. ЕО-дағы бөлшек сату шілдеде кейінге қалдырылған сұраныс әсерінің аяқталуы аясында 1,3%-ға а/а төмендеді. Еңбек нарығын қалпына келтірудің баяулау себебі бойынша алаңдаушылық аясында АҚШ-тың қор индекстері біршама теріс түзетуді көрсетті.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Бразилия реалы өнеркәсіптік өндірістің шілдеде – үш ай қатарынан 8%-ға а/а өсуі аясында 1,7%-ға (5,39-дан 5,3-ке дейін) нығайды;
Мексика песосы елге ақша аударымдарының ұлғаюы туралы деректер аясында – Мексика азаматтары шілдеде АҚШ-тан $3,53 млрд (+7,2% ж/ж) жіберіп, 1%-ға (21,76-дан 21,55-ке дейін) нығайды;
үнді рупиясы ОБ реттеуші рупийдің нығаюына жол беретіні туралы әлеуетті атап өтіп, ұлттық валютаның айырбастау бағамының артуы импорт инфляциясын тежеуге әсер ететіні туралы түсіндірмелері аясында 0,4%-ға (73,4-тен 73,14-ке дейін) нығайды;
Оңтүстік Африка ранды 16,6 деңгейінде қалып, бір апта ішінде өзгерген жоқ;
Индонезия рупиясы Үкіметтің реттеушіні қадағалауын күшейту жөніндегі жоспарларына байланысты ОБ тәуелсіздігінің ықтимал төмендеуіне қатысты инвесторлардың алаңдаушылығы аясында 0,8%-ға (14 632-ден 14 750-ге дейін) әлсіреді. Ел Президенті Үкімет ОБ-ға 2022 жылға дейін бюджет тапшылығын қаржыландыруға тікелей қолдау көрсетуге өтініш жасай алады деп мәлімдеді;
түрік лирасы алтын импортының өсуіне байланысты тамызда соңғы екі жылдағы рекордтық сауда тапшылығы туралы мәліметтер аясында 1,5%-ға (7,33-тен 7,44-ке дейін) әлсіреді;
Ресей рублі А. Навальныйдың улануына байланысты санкциялық тәуекелдердің өсуі аясында 1,9%-ға (74,03-тен 75,43-ке дейін) әлсіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу