Tesla Model Y деп аталатын электрокроссоверінің бюджеттік түрін сатуды тоқтатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Electrek басылымына сілтеме жасап. Бұл көліктің нарыққа енгізілгеніне небәрі бір айдай болған.
Ресми мәлімет бойынша, Standard Range деп аталатын электромобиль конфигурациясы компания сайтындағы конфигуратордан алынып тасталды. Ол бір қуатталғаннан кейін шамамен 392 шақырым қашықтықты еңсере алатын еді. Бастапқыда Model Y құны 42 мың доллар шамасында бекітілген болатын.
Тағы бір жайт, Tesla Long Range аталатын көлігінің бағасын 1 мың долларға төмендетті. Компания мұндай қадамдарға баруға не итермелегенін әзірге жарияламады.
Табиғат Нұрболат
Фото: iz.ru