Тіл кәдесіне қажет жоба

712

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып келе жатқан "Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі" онлайн семинарының 2022 жылғы 13 сәуірдегі кезекті отырысы "Қазақ тілін үйретудің минимумдары: "Қазақ сөзі" әдістемелік жобасы" тақырыбына арналды. 

Тіл кәдесіне қажет жоба

Баяндамашы белгілі ғалым, орталықтың Бас директоры Ербол Тілешов ЮНЕСКО аясында 150 жылдығы аталып жатқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының "Тіршілік – тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болуы керек. Ондай білімді адам мәніс білімі мен әдіс білімін қатар үйренгенде білмек" деген сөзін қатысушылардың есіне салып, ана тілімізді үйретудің мәселелері туралы тереңнен толғады.

Сәтті құрастырылған лексикалық минимум тіл үйренушіге қазақ тілінің сөздері мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалануға, лексикалық бірліктерді орнымен қолдану қабілетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Әлемдік тәжіриеге жүгінсек, 1970 жылы неміс ғалымы Пфеффер 650 мың сөзді қамтыған корпустың негізінде 1080 сөзден тұратын тізім жасаған көрінеді. 1980 жылы ағылшын тілін үйретудің британдық ІЕLTS жүйесі жасалыпты. Эрих Гуннемарк "Тіл өнерін үйрену" еңбегінде күнделікті тұрмыста ең жиі кездесетін 40 сөз біздің 50 пайыз қажеттілігімізді өтей алады деп жазған екен.

800-1000 мың сөзге барғанда 95 пайызын қамтиды.

Бұдан әрі 1987 жылы қабылданған "Тілді меңгерудің жалпыеуропалық компетенциясын" сөз етсек, оның негізін ең қарапайым 120 сөз және күнделікті қолданылатын 2000 сөз құрайды.

2011 жылы орыс тілінің ұлттық корпусы негізінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ ғалымдары 100 сөзден тұратын лексикалық минимум дайындады.

Ал "Қазақ сөзі" оқу-әдістемелік құралы – тіл үйретуші мен тіл үйренушіге бағыт беріп, бағыт сілтейтін, сөйлеу тілі лексикалық минимумға негізделген жоба. 2015 жылы деңгейлік оқу құралы ретінде дайындалған.

Еліміздің оқытушыларына, әдіскерлерге, жалпы тіл үйренушілерге арналған бұл еңбектермен Орталықтың "Тіл әлемі" сайтынан төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыздар: 

Ойдан ой туады, үнемі ізденіс үстіндегі ғылым жаңа міндеттерге жетелейді. Баяндамашы атап өткендей, әрине, барлық нәрсе де тәжірибеде сыналады, шыңдалады, уақыт кей-кейде өз түзетулерін енгізіп отырады. Белгілі тіл ғалымдары Ерназарова Зәуреш пен Күзекова Зейнехан осы орайдағы келелі пікірін ортаға салды. Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты мәселелерге мейлінше белсене қатысып жүретін қарағандылық Жұпар Жақанова бұл сияқты жан-жақты талқылаудың берері көп деп ой түйді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу