Төлемі 90 күнге кешіктірілген несиелер азайып келеді

575

Биыл қыркүйекте еліміздегі екінші деңгейлі банктерде төлемі 90 күннен аса кешіктірілген кредиттер көлемі (NPL 90+) 786,8 млрд теңгені құрады.

Төлемі 90 күнге кешіктірілген несиелер азайып келеді Фото: dauletten.kz

Бір ай бұрынғыдан 41,3 млрд теңгеге аз. Екінші деңгейлі банктер жиынтық несие портфелінде мұндай кредиттердің үлесі 3,8%-дан 3,6% -ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, бір жыл бұрын қазақстандық банктердің кредиттік портфеліндегі мерзімі өткеніне "ұзақ" уақыт болған несиелердің үлесі 4,6%, бес жыл бұрын — 12,8%, он жыл бұрын-31,7% болған еді.

Несие портфеліндегі мерзімі өткен қарыздар көлемін айтарлықтай қысқартқан Halyk Bank, бір ай ішінде мұндай борышты 5,6 млрд теңгеге азайтты, қазір банктің проблемалық кредитінің көлемі 152 млрд теңге. Бұл банктің несие портфелінің тек 2%-ы, бір ай бұрын ол 2,1% болған. Ал, бір жыл бұрын банктің қарыз портфеліндегі "NPL 90+" үлесі 3,6%-ды құрады. Halyk Bank елдегі ең ірі несие беруші банктер арасында несие портфелінің сапасы бойынша үздік үштікке кіреді.

 "NPL 90+" көлемін азайту тиімді шаралар қолдана білу жөнінде екінші орында Jusan Bank. Проблемалық займдар көлемін 5,2 млрд теңгегег қысқартты, қазір банктің мұндай несиесінің көлемі 135,4 млрд теңге. Бұл банк несие портфелінің 12%-ын құрайды.

Altyn Bank көшбасшылар үштігінде. Қаржы ұйымы бір ай ішінде проблемалық несиесінің көлемін 14 млн теңгеге қысқартқан. Тамыз айында "NPL 90 +" көлемін осы үш ЕДБ қара қысқарта алды.

Несие портфелінің сапасы бойынша көшбасшылар үштігіне Отбасы банк  (банктің бизнес-моделіне байланысты "NPL 90+" несие портфелінің 0,1% -ына да жетпейді) және "Altyn Bank" (төлеу мерзімі өткен несиелер жалпы борыштың 0,5%-ын құрайды) бар.

Екінші деңгейлі банктердің несие портфелі бір айда 246,2 млрд теңгеге өсіп, 1 қыркүйекте 21,8 трлн теңгені құрады.

Halyk Bank бұл ретте қарыздар көлемін 58,2 млрд теңгеге ұлғайтып, жалпы сомасы 7,6 трлн теңгеге дейін жетті. Бұл – елдегі кредит нарығының 35% - ға жуығы.

Өз кезегінде, Jusan Bank бір айда несие портфелін 2,9 млрд теңгеге дейін арттырып, жалпы көлемін 1,1 трлн теңгеге жеткізді. Бұл - ЕДБ жиынтық несие портфелінің 5,2%-ы. ал Altyn Bank-4,2 млрд теңгеге арттырып, 300,2 млрд теңгеге жеткізді, үлес -1,4%.

Сапасы бойынша көшбасшылар қатарына кіретін Отбасы Банкі портфеліне келер болсақ, мұнда қарыздар көлемі бір айда 85,7 млрд теңгеге өсіп, жалпы 2,7 трлн теңгеге  жетті, бұл елдегі несие нарығының 12,2%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу