Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейін соттардың жұмысы қалай өзгереді

1302

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов мәлім етті.  

Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейін соттардың жұмысы қалай өзгереді

Жоғарғы сот өңірлердегі соттарға төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейін жұмысты ұйымдастыру бойынша хат жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жергілікті соттарға жолданған хатта Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 10 мамырда шыққан №36 қаулысы туралы, соның ішінде COVID-19 ауруынан ескерту бойынша шараларды күшейту, олардың жаппай таралуын болдырмау жайлы айтылады.

"Жоғарғы сот жергілікті соттардың COVID-19 індетін жұқтырмауы үшін қаулы ережелерін қатаң сақтауға, келушілер, соттар мен қызметкерлер үшін қауіпсіз жағдай жасауға шақырады. Сонымен бірге соттарға санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтуге, келушілердің дене қызуын тексеруге, COVID-19 ауруына ұқсас ауру белгілері бар адамдарды сот ғимаратына кіргізбеуге кеңес береді", – деп жазады Айдос Сәдуақасов.

Оның хабарлауынша сот өндірісі мен соттың жұмысына қатысы жоқ адамдарды сот ғимаратына кіргізуге әрі онда көптеп адам жиналуға қатысты қойылған тыйым күшінде қалады. Себебі сот процесіне тараптардың қатысуы COVID-19 қаупінің таралуын күшейтеді. Хатта Президенттің жұмысты қашықтан жүргізудің сәтті тәжірибесі, әрі оның тиімділігі, ІТ технологиялардың қажеттігі туралы 10 мамырдағы ТЖ бойынша мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзі келтірілген.

"Жолға қойылған тәжірибені есепке ала отырып, соттар онлайн режимдегі жұмысын жалғастырады. Тек қылмыстық істер қаралған кездегі сот отырыстарында қажетті жағдайда тараптардың қатысуына рұқсат етіледі", –  дейді ол.

Айдос Сәдуақасов сонымен қатар істерге қатысты мемлекеттік органдарға да хат жолданғанын мәлім етті. Ол хаттарда сотқа материалдарды электронды форматта жіберуге болатыны жазылған. Шағымдар, өтініштер мен өзге де құжаттар "Сот кабинеті" арқылы жолданады. Ал қағаз жүзінде толтырылған әкімшілік құқыбұзушылық туралы хаттамалар мен материалдар сканерленіп, электронды форматта жіберіледі. Соттар мына жайға қатысты істерді жылдамырақ қарауды қамтамасыз етуге міндеттеледі:

–  айқындалмаған адамдар тобының, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда қорғалған азаматтардың, еңбек ұжымдарының мүддесін ескере отырып;

–  шектеу шараларына қатысты (каранин);  

–  бұйрықтық және қысқартылған өндіріс тәртібіндегі істерді;

–  айлық өтемақыны, алиментті, медициналық қызметкерлердің қатысуымен болған еңбек және өзге де дауларға қатысты талаптар бойынша істерді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу