Төтенше жағдай режимін бұзу азаймай тұр

1334

Тоғыз азамат 10 күнге дейін қамауға алынды. 

Төтенше жағдай режимін бұзу азаймай тұр

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесе отырып жүргізген рейдтік іс-шаралар кезінде төтенше жағдай режимін бұзу фактілері анықтаған. Бұл туралы рolisia.kz мәлім етті. 

Қарағандыдағы Орталық полиция бөлімі аумағында төтенше жағдайды бұзудың екі фактісі белгілі болған. Қаладағы екі дискотека клубының иелеріне қатысты ҚР АК 476- бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысына сәйкес, олардың бірі үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұдан бөлек, 22 наурыз күні Қарқаралы ауданының полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзудың тағы екі фактісін анықтаған. Осы фактілер бойынша да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Тәртіп бұзған азаматтарға айыппұл салынып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Бүгінгі күнге дейін 19 әкімшілік іс қозғалып, 18 тұлға жауапқа тартылған. Тоғыз азамат 10 күнге дейін қамауға алынып, дәл осынша адамға жалпы көлемі 236 мың теңге айыппұл салынды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу