Бұл уақытта, Қарағанды облысындағы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдың тұрғындары дабыл қағуда, деп хабарлайды Atameken Business.
Себебі ауыл маңындағы шұңқырға белгісіз, жағымсыз иісті сұйықтық төгіп жатыр. Халықтың болжамынша ол мұнай қалдықтары. Өйткені жаңа жылдан бастап жақын жерде оны утилизациялау зауыты іске қосылған екен. Қазіргі уақытта шұңқырдың үсті қармен жабылған, ал көктемде қар ерігенде зиянды қалдықтар өзенге қарай ағады. Ал ол суды ауыл тұрғындары шаруашылыққа және мал суаруға пайдаланады. Сондықтан қолданып отырған суымыздан айрыламыз деп қорқуда. Осылай деген ауыл халқы жақында ашылған зауытқа барып, басшылықтан жауап алуға тырысқан. Алайда олар жұмыс орнында болмай шықты.