Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының прокуратурасы "Қолжетімді жайылым" жобасының аясында 174 ауыл әкімін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауапқа тартты.
Ведомство мәліметінше, әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді "жақсарту" мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған.
Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған.
Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн. га-дан 652 мың га дейін төмендеген.
Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктері бұның алдында бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.
Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды.