Кеше күндіз Алматы-Термез автожолының 765 шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. 15 адам ауруханаға жеткізіліп, 8 адам жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының аумағында бір бағытта келе жатқан 4 автокөлік: екі "Нексия, "Джетра" және "Хендай" көліктері соқтығысқан.
"Бұл республикалық маңызы бар жол. Жол-көлік оқиғасы көктайғақ салдарынан орын алды. Сондықтан жүргізушілерден жол жүру ережелерін сақтауды, жылдамдықты асырмауды, маневр жасау ережелерін бұзбауды, бір-біріне құрметпен қарауды, жол бойында орналасқан жол белгілеріне назар аударуды өтінеміз. Сондай-ақ, жазғы автокөліктердің дөңгелектерін қыс мезгіліне қайта жабдықтау қажет",– дейді Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков.
Аталған жол-көлік оқиғасы жайты бойынша облыс анықтаушылары ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.