Түркістан облысының полицейлері 8 қорап алма ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ауылдық жерде егілген 43 гектарлық алма бақшасынан әртүрлі сорттағы алманың 8 қорабы ұрланғаны туралы хабарлаған. Әр қорапта шамамен 9,5 кг алма болған.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық ) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер алма ұрлаған екі күдіктіні қолға түсірді, олар жәбірленушінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары болып шықты. Ұрланған алманы олар өз пайдаларына жаратпақ болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу