Шоудың бірегейлігі – мұнда ешқандай шектеулер қойылмаған. Қатысушылар өз таланттарын кез-келген жаста және кез-келген жанрда көрсете алады. Жобаның түсіру алаңынан эксклюзивті материалдар әлеуметтік желілерде жарияланады. Шоудың екінші маусымының жеңімпазы 10 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа және өз жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.
Бес елдің қатысушылары Түркістан қаласына келіп, жобаның барлық кезеңдерін өткізеді. Байқау 6 кезеңнен тұрады. Қазылар алқасының құрамында Орталық Азияның танымал, беделді және әйгілі адамдары болады.
"Got Talent" – продюсер Саймон Коуэлл жасаған британдық "Fremantle" компаниясының өнімі. Бүгінгі таңда шоу әлемнің 70-тен астам елінде көрсетіледі. "Got Talent" форматы Гиннестің Рекордтар кітабына әлемдегі ең сәтті шынайы шоу ретінде енгізілген.