Түркиялық "Ulker Biskuvi Sanayi" азық-түлік компаниясы Қазақстанның "Hamle" кондитер компаниясын сатып алмақшы, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Кондитер компаниясының 100 пайыз үлесі 3 млн долларға сатып алынады.
Айта кетейік, "Ulker Biskuvi Sanayi" – Түркияның азық-түлік компаниясы. Кәсіпорын күлше, крекер, торт, вафли, кәмпит, кофе, сүт өнімдерін, балмұздақ және Cola Turka сусынын шығарады. Ülker-дің әлемнің 111 елінде филилалы мен өкілдігі бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу