Туысын өлтіруге тапсырыс берген

506

2013 жылы бұл операцияны ІІМ қызметкерлері алдын алды.

Туысын өлтіруге тапсырыс берген Фото: news.myseldon.com

Қазақстанда іске аспаған ең қатыгез тапсырыс туралы inbusiness.kz сайтына Шымкенттегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы, полиция полковнигі Ерлан Жалбинов айтып берді.

Жедел ақпарат адам өмірін сақтап қалды.

- Сіздің қызметкерлеріңіз жоспарланған қылмыс туралы қашан білді?

- Біз бұл өте маңызды жедел ақпаратты 2013 жылдың 25 шілдесінде "ұстадық".

- Қайдан? 

- Бұл сұраққа жауап беруге құқығым жоқ.

- Онда не білгеніңіз жөнінде айтып беріңізші? 

- Бізге бір әйелдің жалдамалы адам өлтірушіні белсенді түрде іздеп жатқаны туралы ақпарат келді.

- Хабарды білгеннен кейін, қандай шара қолдандыңыздар? 

- Тапсырыс берушінің ниетінің маңыздылығына көз жеткізу үшін, біз, ең алдымен қажетті жедел іс-шаралар кешенін өткіздік.

Оның адамға "тапсырыс беруге" шешім қабылдағанын анықтаған кезде, біз бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басшылығына баяндадық. Содан кейін консультациялар барысында біздің қызметкерлердің бірін жедел схемаға енгізу туралы шешім қабылданды.

- Ол бірден тапсырыс берушіге барды ма? 

- Жоқ, әрине. Бұған дейін жәбірленушінің өзіне жасалғалы қастандық туралы хабарлауымыз қажет болды.

- Жәбірленуші әйел болды ма? 

- Жоқ, ер адам. Біздің жедел уәкілдер бұл адамға барып, оны өлтіруге тапсырыс бергелі жатқанын хабарлады.

- Ал ол бұған қалай қарады? 


- Басында сенбеді, барлығын қалжын деп ойлады. "Мен кімге керек болып қалдым?!", деген сөздермен таңданыс білдірді.  Шынында да, оның таңданысын түсінуге болады. Өйткені, ол ірі кәсіпкер де, ауқатты адам да емес еді. Дегенмен, біздің қызметкерлер, оны бұл ақпаратты шынайы түрде қабылдауға сендіре алды. Жедел уәкілдер жасырын қалдырған жалғыз нәрсе - тапсырыс берушінің аты-жөні.

- Ол кім?

 - Ер адамның туған әпкесі.

-  Ағасының қандай әрекеті ұнамаған?


-  Ол кезде бізде не себепті туған ағасын өлтіруге тапсырыс бергенін, оқиғаның барлық себептерін анықтауға уақыт болмады. Мүмкіндігінше тезірек оның айналасына жедел қызметкерді енгізу қажет болды.

Ол өз бетінше ағасын өлтіруге келісетін адамды таппайынша оперативті түрде әрекет етуіміз қажет болды.

- Енгізу сәтті жүрді ме? 


- Иә. Біз әйелдің кіммен байланыста болғанын мұқият зерттедік және оның бір қылмыскермен байланыста болғанын білдік. Бұл оған кісі өлтіруге дайындық кезінде кеңес берген адам.

- Не себепті ол қылмыскер өзі өлтірмеген? 

- Мұндай мүмкіндік ол кісіде болмаған, себебі қылмыскер түзеу мекемесінде болды. Ол әйелге жақында жазасын өтеген және ақшаға өте мұқтаж біреуді табуды ұсынды. Осылайша біздің қызметкер тапсырыс берушімен кездесті.

- Қызық, ол ағасының өмірін қаншаға бағалады?
 

- Ол өлтірушіге 3 мың доллар төлеуге, сондай-ақ оған 0,5 кг героин беруге уәде берді. Көтерме саудада, ол кезде шамамен 7,5 мың доллар пайда табуға болатын еді.

Кісі өлтіру қаруы - арматура.


- Сіздің "өлтірушіңіз" тапсырыс берушімен кездескенде, ол оған не деді? 

- Ол оны қалай өлтіретінінде шаруасы болмады. Өйткені, басты мақсат – ағасының өлімі болды.

- Тапсырыс беруші "жалдамалы өлтірушіге" аванс берді ме?

 - Жоқ, ол қайтыс болған ағасының суретін әкелгеннен кейін ғана, онымен есеп айырысатынын бірден айтты. Сонда ол ақша да, героин де алады деді.

- Әрі қарай оқиға қалай өрбіді?


 - Кісі өлтіру шынайы болып көрінуі керек еді. Сондықтан бізге бүкіл спектакльді ойнауға тура келді. Жәбірленуші алдымен ұрлап әкетіп көлікке итеріліп, адам жоқ жерге - Оңтүстік РУБОПтың  ауласына жеткізілді. Онда "жәбірленушіні" кәсіби гримерлер күтіп тұрды.


-  "Қылмыскер" жәбірленушіні өлтіру үшін қандай әдісті таңдады? 

- Сурет өте сенімді болып көрінуі керек еді. Жақында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам, мысалы, дыбыссыз мылтықты қайдан ала алады? Оған оның ақшасы жоқ. Сондықтан  "өлтіру құралы" ретінде біз қарапайым құралды таңдадық - арматура кесу құралы. Гримерлер өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарғанын атап өткім келеді. Ол шынымен жәбірленушіге ұқсады және шынымен де темір арматурамен басын кескендей көрінді. "Өлтірілгенді" суретке түсіргеннен кейін біз оның суретін "киллерге" бердік, ол оны тапсырыс берушіге апарды.


- Бұл қай күні болды? 

- 2013 жылғы 31 шілде. Фотосуретті көре салысымен әйел адам таксимен бірден қала сыртына шықты. Әрине, ол осы уақыт бойы бақылауда болды.Сондықтан тапсырыс беруші көліктен шыққан кезде бірден ұсталды.

- Ағасы бәрін білгенде өзін қалай ұстады? 

- Нағыз шокты бастан өткерді. 


- Ол ағасына не үшін тапсырыс бергенін түсіндірді ме?
 

- Жоқ, бірақ, мұраға байланысты болуы мүмкін - жеке үй мен жер учаскесі. 

- Тапсырыс берушіге кеңес берген қылмыскер жауапқа тартылды ма? 

- Иә, ол тергеу әрекеттері үшін колониядан СИ-1-ге жеткізілді (Алматы қаласының № 1 тергеу изоляторы, қазір жабық).


- Сотқа дейінгі тергеу қай бап бойынша басталды? 

- Ол кезде бұл қылмыстық іс қозғау деп аталды. ҚК-тің "адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы өлтіруге әрекет ету" бабы бойынша. Екі айыпталушыны да сот ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу