Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев National Association of Securities Dealers Automated Quotations (NASDAQ - Бағалы қағаздар жөніндегі дилерлердің ұлттық қауымдастығының автоматтандырылған баға белгілеулері) компаниясының вице-президенті, еуропалық өңірінің басшысы Андэрс Еженделмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Кездесу барысында "Астана" Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында компаниямен өзара іс-қимыл және үздік әлемдік стандарттар деңгейінде АХҚО жоғары технологиялы биржа және есептік-клиринг инфрақұрылымын құру перспективалары талқыланды.
Айта кетейік, NASDAQ – бұл АҚШ-тағы екінші ірі қор биржасы (компания сайты - nasdaq.com), онда барлық ашық түрдегі акционерлік компаниялардың бағалы қағаздарының жартысы шығарылады. Ол сондай-ақ осы биржада сауда жасайтын компаниялардың нарықтық капитализациясы бойынша (Нью-Йорк қор биржасынан кейінгі) әлемдегі екінші ірі биржа болып саналады, биржа әлемнің басқа биржаларымен салыстырғанда электрондық сауданың ең жоғарғы көлеміне ие.