"Біздің Үкіметке ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі қажет емес-ау деген пайымға келдім.
Жыл сайын ғылыми зерттеу жұмыстарына 200 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. Ал соның нәтижесін, жемісін Үкімет керек етіп отыр ма?" — деді депутат.
Мысалы 585 млн теңге еліміздегі тұқым шаруашылығын жақсартуға арналған бағдарламаға деп бөлінген. Ғалымдарымыз 3 жыл бойы еңбектенді. Тек осы зерттеудің нәтижесінде ұсынылған жүйені іске асырып, шаруаларымыз картоп тұқымын өсіруден жыл сайын 2 млрд доллар табыс табуына болады. Нидерланды мемлекеті бұл әдіспен 50 жылға алдын ала тапсырысын алып алған, табысында есеп жоқ.
"Біз мемлекеттің онсыз да жетпей жатқан қаржысын шаша бермей, инвестиция тарту арқылы шешуді ұсындық. Бірақ, осы ғылыми жұмыс негізінде ұсынылған тұқым саласына өзін-өзі реттеу жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы Үкімет тарапынан қолдау таппады.
Ендеше, жоғары аудиторлық палата зерттеуге жұмсалған қаржыны тиімсіз деп танысын немесе Үкімет шаруалардың экономикалық жағдайына бас ауыртқысы келмейтінін ашық айтсын", — деп түсіндірді депутат.