Жемқорлық дерегі 2019 жылғыдан 15%-ке артты. 1 – мнистр, 2 – вице-минитр, 1 –ұлттық компания төрағасы және 2 әкім күдікке ілінді. Мұның арты үлкен саяси кадрлық ауыс-түйіске әкелді. Үкіметтегі бір жылдағы қарбалас туралы Atameken Business тілшісі тізіп шықты:
Қашықтан оқу мен "әлсіз интернет": білім беру саласы 2020-ны қалай өткерді?
Сыртқа шыққан ақша дәл осы қиын кезеңде ауадай керек еді. Жемқорлықтың Цифрландыру жүйесін де жарытпағаны бұл жолы анық байқалды. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып, сол кезде жауапты салаға министр болған Асқар Жұмағалиевке ескерту жасаған еді. Ізін ала ол қызметінен кетті. Бірақ жұмыссыз қалып қиналмады. Нидерланд Корольдігіндегі елші қызметіне кірісті. Қиналған – оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар.
Жыл сайын салаға қазынадан қомақты қаржы бөлінсе де интернеттің әлегі әлі де әурелендірумен келеді. Отандық білім беру саласы күрделі жылды қалай өткерді?