Ұлттық геологиялық орталығы құрылуы мүмкін

990

Ұлттық геологиялық орталығы құрылуы мүмкін

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысы барысында елде ұлттық геологиялық орталық құруды ұсынды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Оның айтуы бойынша, мұндай орталықтың болмауы мемлекет үшін жөнсіздік болып табылады, себебі геология – негізгі салаларымыздың бірі.

"Жер қойнауын зерттеу басымдықтарын, геологиялық-барлау жұмыстарының түрлерін, көлемдерін есепке алудың негізділігін пысықтау үшін озық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.  Ол үшін біз ҚР Білім және ғылым министрлігінен геология бойынша ұлттық ғылыми кеңес құруды сұраймыз.  Бүгінгі таңда ол жоқ және бұл жөнсіз де, себебі геология – негізгі салалардың бірі. Осы проблемаларды шешу үшін біз ұлттық геологиялық орталық құруды ұсынамыз", –  деді Ж. Қасымбек.

Мысал ретінде ұқсас минералды ресурстық базасы бар елдерді келтірді. Онда мұндай орталықтар бар және министрдің айтуы бойынша, осы саладағы стратегиялық міндеттерді тиімді әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді.

"Мысалы, Америкалық геологиялық қызмет орталығы бар. Қазақстанда Қазгеологиямен бірлесіп Корея орталығы жұмыс істейді, бізде барлау жұмыстарын жүргізеді. Яғни бұл орталықтар өз елдерінде ғана емес, шет елдерде де жұмыс істейді. Осыған ұқсас орталықтар Францияда, Түркияда бар. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, осы мәселелерді шешетін геологиялық саланың құзырет орталығын құру ұсынылады", – деді Ж. Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу