Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлері үш жасар қыздан үлкен мөлшердегі ісікті алып тастады

233

Ата-ана ісіктің алғашқы белгілерін сәбидің қатты мазасыздануы, тәбеттің төмендеуі, құсу және бас ауруынан кейін байқаған. 

Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлері үш жасар қыздан үлкен мөлшердегі ісікті алып тастады Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығы

Қыздың анасы Астана қ. № 2 ҚКА-ға өз бетінше жүгінді, онда кішкентай науқасқа мидың КТ жүргізілді және мишық аяқшаларына таралуымен хиазма-селлярлық аймақтың көлемді түзілуін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Баланың жай-күйінің ауырлығын және эндо-супра-инфра латероселлярлы өсуімен, сол жақ қарыншаға өнуімен, үшінші қарыншаға пролабациямен, ортаңғы бас сүйек шұңқырына, ми бағанасының қысылуымен және деформациясымен екі жақтағы көпір-мишық бұрышына таралуымен алып ісіктің локализациясын ескере отырып, "ҰНО" АҚ дәрігерлерінің консилиумында баланы хирургиялық емдеу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығына емделуге жатқызу туралы шешім қабылданды.

Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігерлері нейронавигациялық жүйені қолдана отырып, мидың алып ісігін алып тастау үшін микрохирургиялық операция жасады. Операцияның күрделілігі баланың миының жартысына жуығын алып жатқан мидың функционалды маңызды аймақтарында орналасқан ісіктің жеткілікті үлкен мөлшерінде болды (6,0*6,5*7,1). Ауру ағымына және хирургиялық араласуға байланысты асқынулар мен салдарлар: сөйлеу, қозғалыс бұзылыстары, есту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлары жүйесі, геморрагиялық және ишемиялық инсульт болуы мүмкін еді.

Операцияны 15 жылдан астам тәжірибелік жұмыс өтілі бар өз саласының мамандары жүргізді, атап айтқанда: жоғары біліктілік санатындағы нейрохирург дәрігері, Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, "ҰНО" АҚ профессоры – Өленбай Ғабит Ілиясұлы және нейрохирург дәрігері – Жарасов Әлібек Маратұлы, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Джубаниязов Болатбек Түгелбайұлы. Операция МӘМС шеңберінде квоталық негізде өтті.

Операция сәтті жасалды. Қазір сәби өзін жақсы сезінеді, денсаулық жағдайы жақсаруымен, емдеудің келесі кезеңінен өту  үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ауыстырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу