Ұлттық Ұлан командирінің орынбасары сотталды

1287

Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған. 

Ұлттық Ұлан командирінің орынбасары сотталды

Батыс Қазақстанда пара алған Ұлттық ұлан командирінің орынбасары 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің дерегінше 55-те 17 әскери бөлімі командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Омаров және киім-кешек қызметі бөлімінің бастығы лейтенант Қыдыров пара алды деп күдікке ілінген. Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған.

Күні кеше Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен Омаров пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал Қыдыровқа 6 млн теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы кесілді. Сотталғандар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ әскери атақтарынан өмір бойына айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу