Ұн бағасы қымбаттады

803

Маусым айының қорытындысына сәйкес ұн бағасы бір айда 2,8%-ға өскен. Осылайша, бір жылда 33,1%-ды құрап отыр.  

Ұн бағасы қымбаттады

Қазақстанда ұн өндірісі мен ұн экспортының өсуін байқауға болады, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ге сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында республикамызда дәнді дақылдардан 1,4 млн тонна ұн өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артып отыр. 

Ұнды өндіретін көшбасшы өңірлердің үштігіне Қостанай облысы (481,8 мың тонна, 10,4%-ға артық), Солтүстік Қазақстан облысы (140,7 мың тонна, 19,7%-ға аз) және Шымкент қаласы (119,7 мың тонна, 16,8%-ға кем) кіреді. 

1,3 млн тонна ұсақ тартылған бидай ұны шығарылған. Мұндағы өндірістің жылдық өсімі 3,5%-ды құрайды.

Нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін 86,3 мың тонна қоспа, 4 мың тонна ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны, бидайдан басқа дәнді дақылдардан 2,7 мың тонна ұсақ тартылған ұн өндірілген.

Елімізде ұнға деген сұраныс жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп отыр. Биылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіш 99,1%-ды құрайды. 

Импорт 2,1 есеге өскен.  

Экспортқа 627,3 мың тонна ұн жіберілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34,6%-ға артық. Осылайша, биылғы қаңтар-сәуірде экспорт 79,2%-ға артып, ақшалай мәнде 234,3 млн. АҚШ долларына жетті. 

Ішкі нарықтағы сату бір жылда 461,6 мың тоннаға дейін немесе 18,1%-ға қысқарған. 

Отандық ұн Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан елдеріне көп жіберілді. Ал, ТМД-ға кірмейтін елдер ішінде ұнның негізгі көлемі Ауғанстанға жөнелтілді. 

Жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы – 390 тг (Шымкент), ең төменгі бағасы – 213 тг (Павлодар). Ал, бірінші сұрыпты ұнды Қонаев қаласының тұрғындары 270 теңгеге сатып алса, Петропавл тұрғындары оған 145 теңге жұмсайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу