Үндістанның "Дели – Чикаго" бағытындағы ұшағы Астанаға қонуға мәжбүр болды

717

Жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлаған. 

Үндістанның "Дели – Чикаго" бағытындағы ұшағы Астанаға қонуға мәжбүр болды

"Дели-Чикаго" бағытындағы Air India әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Астан уақытымен 07.30-да Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына Air India әуе компаниясының "Дели-Чикаго" бағытындағы ұшағы шұғыл жағдайда қонды. Жолаушылардың бірі демікпемен ауыратын болған, оның жағдайы нашарлаған. Әйел мен оның екі туысы Астананың №2 ауруханасына жеткізілді", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу