Уран өнеркәсібінде "Байкен-U" кәсіпорнының үлес салмағы артып келеді

1037

Уран өнеркәсібінде "Байкен-U" кәсіпорнының үлес салмағы артып келеді

Қызылорда облысында уран өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындардың бірі - "Байкен-U" ЖШС-і. Кәсіпорын Жаңақорған ауданындағы "Хорасан-2" кенішінде жерасты қазба байлығын өндіруде айтарлықтай табысқа жетіп келеді. Іргетасы 2006 жылы қаланған өнеркісіп 2009 жылдан бере тұрақты уран өндіріп келеді. Мұнда бүгіндері 497 адам жұмыс істесе, оның 168-і жергілікті кадр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің "Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" еңбегінің 55-қадамында Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту мәселесін күн тәртібіне қойды.

Сонымен бірге халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру керектігін айтты. "Байкен-U" ЖШС-і алғашқы жылы 350 тонна уран өндірсе, бұл көрсеткіш біртіндеп молайып келеді. Мәселен, атамыш өндіріс орны 2016 жылы жоспардағы 1834 тонна орнына 1838,3 тонна өнім өндірді. Қазіргі таңда серіктестікте 7 цех тұрақты жұмыс істеп тұр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу