banner

Үстінен қылмыстық іс қозғалған экс-арнайы прокурор қазір Қазақстанда

1213

Оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Үстінен қылмыстық іс қозғалған экс-арнайы прокурор қазір Қазақстанда

Бас прокуратурадағы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Олеся Кексельдің ісі тергеу барысында заңсыз әдістерді қолдану бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады. 

"Тергеу жүріп жатыр, азаптау туралы арыз келіп түсті. Сондықтан қазір бұл арыз тіркеліп, осыған қатысты тергеу жүргізілуде", – деді Тұрғымбаев. 

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің "тыйым салынған тергеу әдістері" бабы бойынша қаралуда. 

Тұрғымбаевтың дерегі бойынша, Олеся Кексельдің тергеу барысында заңсыз тәсілдер қолданғаны, яғни түсінік беруге мәжбүрлегені туралы Бас прокуратураға арыз түскен.

Мамыр айында "Время" басылымы Кексель қызметінен кетіп, шетелге бас сауғалады, деп жариялаған болатын. 

Олеся Кексель ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар қызметінің басшысы болып 2018 жылдың қаңтар айында тағайындалған. Оған дейін ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының тергеу бөлімі басшысының орынбасары болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу