Астананың 20 жылдығына орай, үздік брендбукке (BrandBook) байқау жарияланады. Мерейтойға даярлық және өткізу жөніндегі штабтың шешімімен байқау 2017 жылдың 6 қарашасы мен 27 қараша аралығында өткізіледі, деп хабарлайды Elorda Aqparat .
Байқауға өтінімдер жеке және заңды тұлғалардан қабылданады. Оған шығармашылық топтар, жарнама агенттіктері мен фирмалар, суретшілер, сәулетшілер, жобалық ұйымдар, авторлық ұжымдар қатыса алады. Ал үздік брендбукті арнайы сараптау комиссиясы таңдайды. Негізгі шарт – елорданың тарихи-мәдени сабақтастығы, болашақ даму тенденцияларын ескерген, қала имиджінің жаңаруына және оның өзіндік ерекшеліктерінің орнығуына ықпал ететін концептуальді негіздегі бренд-бук, логотип және ұран ұсыну. Үздік деп танылған логотип пен ұран мерейтой аясындағы жарнамалық, маркетингтік және қаланың мәдени, туристік, әлеуметтік әлеуетін арттыратын басқа да шараларға кеңінен пайдаланылады.
Үздік брендбуктың жүлдесі – 8000000 (cегіз миллион) теңге