Мысалы, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында 100 адам вакцинаға қарсылық акциясына шыққан. Олардың жетеуі жұмыстан шеттетілген. Қалғандары түсіндіру жұмыстарының арқасында ахуалды түсініп, тиісті шараларды қабылдаған.
"Вакцинация қазіргі таңда өте өзекті. Оған қатысты Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Дүйсенбіден бері ол норма күшіне енді. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. Міндетті вакцина алмаған адамдар ПТР тест тапсырады", – деп түсіндірді еңбек инспекторы.
"Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, бүгінгі таңда жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмауы керек. COVID-19-бен ауырған адамды жұмысқа жібермеу керектігі туралы тікелей норма болмағанымен, Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни Денсаулық туралы кодексте жазылғандай, бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50 пайызын немесе ең төменгі ебекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін", – деді Төлеген Оспанқұлов.
Тасқын Болатұлы