Вашингтонда Қазақстанның ядролық қатерлер мен биологиялық тәуекелдерді жоюдағы рөлі талқыланды

320

"Ядролық амбицияны" көздейтін елдер ҚР үлгісін ұстануы тиіс.

Вашингтонда Қазақстанның ядролық қатерлер мен биологиялық тәуекелдерді жоюдағы рөлі талқыланды Фото: Cыртқы істер министрлігі

"Carnegie Endowment for International Peace" жетекші америкалық талдау орталықтарының бірінің алаңында "Council on Strategic Risks" (CSR) ҮЕҰ-мен бірлесіп "Қазақстанның ядролық және биологиялық тәуекелдерді жою жөніндегі іс-қимылдары" тақырыбында панельдік пікірталас өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс-шараның спикерлері ретінде Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев, Карнеги қорының ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова, CSR аға ғылыми қызметкерлері Эндрю Вебер және Шэннон Грин болды.

Е. Ашықбаев ЖҚҚ таратпау және қарусыздану саласындағы ҚР жетістіктерін атап өтіп, елдің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басымдықтары туралы айтты.

Бұл тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық биоқауіпсіздік архитектурасын нығайтудағы маңызды қадам болуы мүмкін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті (БҚХА) құру жөніндегі бастамасына басты назар аударылды. Сонымен қатар, Е. Ашықбаев Қазақстанның барлық халықаралық серіктестермен, соның ішінде АҚШ-пен ашық ынтымақтастыққа бейілділігін растады.

Өз кезегінде спикерлер ел ішінде де, халықаралық аренада да жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ҚР күш-жігерін жоғары бағалады. Ш. Гриннің пікірінше, қарусыздану жолындағы барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстанның табысты тәжірибесі бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін үлгі болып табылады. Осылайша, "ядролық амбицияны" көздейтін елдер ҚР үлгісін ұстануы тиіс.

Э. Вебер БҚХА құру идеясының уақтылы екенін атап өтті. Бастама халықаралық биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жетіспейтін олқылықтардың орнын толтыратын қолданыстағы құрал бола алады. Сарапшы барлық мүдделі тараптарды агенттік құру мәселелерін талқылау үдерісіне белсенді қатысуға шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар ЖҚҚ таратпау саласындағы сарапшылардың жас буынын тартудың маңыздылығын атап өтті, бұл прогреске жету үшін инновациялық тәсілдерді іздеудің негізгі факторы болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу