Төрағалық етуші Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өткен Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының аты-жөндері жария етті.
Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының ант беруі, Мәжіліс Төрағасын және оның екі орынбасарларын сайлау мәселелері қаралуда. Сонымен қатар, депутаттар жиында Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлап, олардың құрамын бекітеді.
Еске сала кетсек, Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Қымбат Нұрғали