Жалған дипломмен жұмыс істеп келген 34 мұғалім анықталды

1982

Қадағалаушы орган ел аумағында диплом саудалаған 19 интернет парақшасының қызметін тоқтату туралы сотқа арыз берді.

Жалған дипломмен жұмыс істеп келген 34 мұғалім анықталды

Білім ордаларында еңбек ететін 34 ақтөбелік мұғалімнің дипломы жоқ боп шықты. Прокурорлық тексеру кезінде олар жалған құжатпен жұмысқа орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz.

7-уі арнаулы білім беретін колледждерде, 11-і мектептерде және 13 тәрбиеші балабақша бөбектерімен жұмыс істеген. Тіпті музыкалық колледжде, фортепиано сыныбында біліктілігі құжатпен дәлелденбеген 5 азамат тәлім берген. Қолындарындағы құжатқа сәйкес олар Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетті тәмәмдаған. Алайда прокурорлар бұл жоғары оқу орнында аталмыш мамандарды даярлайтын факультеттің жоқ екендігін айтып отыр.

Сондай-ақ қадағалаушы орган ел аумағында диплом саудалаған 19 интернет парақшасының қызметін тоқтату туралы сотқа арыз берді.

"Талдау нәтижелері бойынша көрнеу, жалған құжаттарды пайдаланғына үшін және осы құжаттарды әзірлеген тұлғаларды анықтау мақсатында материалдар ішкі істер органдарына жолданды. Осымен бірге Ақтөбе қаласы әкімінің атына және білім басқармасы атына заңбұзушылықты жою туралы ұсынулар енгізілді",– дейді Ақтөбе қаласы алматы ауданы прокурорының орынбасары Бақытжан Ешмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу