Жамбыл облысында мәрмәр өңдейтін зауыт салынады

2222

Жамбыл облысында мәрмәр өңдейтін зауыт салынады

Жамбыл облысында жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тас өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны 18211,7 млн теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

2015 жылы екінші бесжылдықта Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, ауданда жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. "Жамбыл Недр" ЖШС жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цемент өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда 150-200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде "Сулейменсай" карьерінің әктасы мен топырағы пайдаланылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарының 100 пайызы жасалынып, монтаж қондырғылары қойылып, инфрақұрылымы жүргізілуде. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 160 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жіберілді.

Зауыттың Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін жүргізу үшін 97,0 млн теңге және зауыттың инфрақұрылымын жүргізуге 1,2 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық дамыту басқармасына тапсырылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды. Қазіргі таңда бөлінген 1,2 млрд теңгенің 400 млн теңгесіне және 97 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ауданда 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. "Қаратау Про" ЖШС жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу. Қазіргі таңда зауытқа Итальяндық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу