Жамбыл облысы әкімдігінің жер пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыстық жер пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор қызметіне Әбілқайыр Тамабек тағайындалды.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев жаңа басшыны ұжыммен таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Әбілқайыр Ғалымұлы 1994 жылы туған. 2015 жылы Жоғары Бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша) "менеджмент", 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы "Даке барлау" ЖШС кадр бөлімінің инспекторы болып бастаған.
2012-2014 жылдары "Даке барлау" ЖШС кадр бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы, 2017 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Экономика, қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, 2017-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, басшысы, 2019 жылы ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті кадр ісі басқармасының бас сарапшысы лауазымында қызмет атқарып келді.