Жамбылда жасөспірім жоғалып кетті

990

2003 жылы туған Тұран Мұқашұлы 8 қаңтар күні, шамамен сағат 12: 00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.  

Жамбылда жасөспірім жоғалып кетті

Жамбыл облыстық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелет жасына толмаған Тұран Жалғасты іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ПД департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған жасөспірімнің бойы 170-175 см, арықтау, қара шашты, үстіне қоңыр түсті күртеше, көк джинсы, аяғына қара кроссовки киген.

"Тұран Мұқашұлының қайда екенін білетіндер 8 7262 46-44-47, 8 747 854 28 12 телефондарына немесе 102 пультіне хабарласуыңызды сұраймыз", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу