Жапонияның IHI корпорациясы роботтандырылған ерекше кешенді ұсынды. Енді оның көмегімен әскерилер теңіз түбінде қалып қойған миналарды іздеп, аппарат арқылы кемеге мәлімет жеткізетін болды. Бұл туралы Jane’s басылымы хабарлады.
Робот екі бөліктен тұрады. Су астындағы бөлігінің диаметрі 70 см, ұзындығы 5 метр, ал салмағы 990 кг. Ол 24 сағат бойы автономды режимде жүзе алады. Құрылғы гидролокатор, көпсәулелі сонар және озық үлгідегі камерамен жабдықталған.
Робот жылдамдығын сағатына 7,4 шақырымға дейін жеткізіп, 3000 метр тереңдікте сүңги алады. Ол миналардың орналасқан жері туралы мәліметті автоматты ретранслятор арқылы кемеге таратып отырады.
Табиғат Нұрболат