Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы жас отбасылар арасында "Отбасым – мақтанышым!" атты қалалық бейнебайқау басталғанын жариялады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қатысушылар келесі тақырыптарды қамтитын 5 минуттан аспайтын әлеуметтік бейнеролик түсіруі керек: отбасылық зорлық-зомбылық; балаларға және басқа отбасы мүшелеріне қатыгездік; жас отбасылардағы ажырасу; қоғамға қарсы өмір салты, құқық бұзушылық және жанжалдар; некелік рөлдердің теңгерімсіздігі, бір-бірін түсінбеушілік; алкоголь мен нашақорлық; әлеуметтік жетімдік – ата-ана міндеттерін орындамау.
Видео Instagram парақшасында #OtbasyBakytMekeni, #NSjastary, #Меніңотбасым, #Моясемья, #OtbasyBakytMekeni, #Отбасыммақтанышым2020 хэштегтерімен жариялануы керек.
Сонымен қатар сайысқа қатысушылар @ns_jastary және @elorda.otbasy Instagram парақшаларына жазылуы керек.
"Жеңімпаздарды іріктеу кезінде видеоның тақырыпқа сәйкестігі, шығармашылық жаңалығы, өзіндік ерекшелігі, дыбыс, бейне эффектінің болуы, көрермендердің эмоционалды қабылдауы ескеріледі", – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.
Өтінім мен құжаттар (неке қиюды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; телефон нөмірлері, тұрғылықты жері, әлеуметтік желілердегі парақшалар, отбасы мүшелерінің саны) elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе +7 747 694 27 37 WhatsApp нөміріне "Отбасым – мақтанышым" белгісімен жіберілуі керек.
Байқау нәтижесінде 12 жеңімпаз отбасы анықталып, тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға сертификаттар алады.
1 орын – 250 мың теңге;
2 орынға екі отбасыға 150 мың теңге;
3 орынға үш отбасыға 100 мың теңгеден.
Алты отбасына арналған ынталандыру сыйлықтарына 25 мың теңгеден беріледі.
Өтінімдер 16 қарашаға дейін қабылданады.