Жасөспірімдерді кибербуллингтен қорғау қажет

1494

"Көк кит", "Тыныш үй", "Қызыл жапалақ" сынды ойындардың қазақ тіліндегі нұсқасы тарап жатыр.  

Жасөспірімдерді кибербуллингтен қорғау қажет

Үкімет басшысына жолданған депутаттық сауалда мезгіл мәселесіне назар аударылды. 

Сенатор Нариман Төреғалиев бастаған депутаттар тобы еліміздегі жасөспірімдердің 12%-ға жуығы кибербуллингтен зардап шегіп жатқанын жариялады. 

"Әлеуметтік желі арқылы таралған "Көк кит", "Тыныш үй", "Қызыл жапалақ", "Мені сағат 04:20-да оят" тәрізді ойындар дүние жүзін дүрліктіріп қана қоймай, қазақ тілінде пайда бола бастағаны қоғамды алаңдатып жатыр. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Арыс қаласының тұрғыны "Вконтакте" әлеуметтік желісі және "Telegram" мессенджері арқылы балаларды суицидтік сипаттағы ойындарға тартқан. Сондықтан дәл қазіргі қоғам үшін адам құқықтарын, соның ішінде балалардың құқығын қорғау, оларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау маңызды", – деді депутат. 

Оның сөзінше, әлем елдері интернет-платформалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, заңнама бойынша жұмыс істеу және балаларды, олардың ата-аналарын кибербуллингтен қорғау мақсатында тиісті заң қабылдап жатыр. 

"Германия кибербуллинг ұйымдастырған азаматтарды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолданатын болоды. Ал Ресей Қылмыстық кодекс пен әкімшілік кодекске түзету енгізіп жатыр", – деді Нариман Төреғалиев.

Оның пікірінше, кибербуллингтің алдын алу үшін біздің елге де нақты шараларды қабылдау қажет. 

"Біріншіден, буллинг пен кибербуллингке тосқауыл қою үшін интернеттегі парақшалар мен мессенджерлердегі топтарға мониторингті күшейту, мектептер мен оқу орындарында "Кибербуллингтің зардаптары" тақырыбындағы тәрбие сағаттарын өткізу, арнайы мамандарды дайындау, мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, информатика пәніне кибербуллингке қарсы қосымша сабақтар енгізу керек. Екіншіден, балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін Ұлттық жоба әзірлеу қажет. Үшіншіден, жекелеген мемлекеттерде кибербуллингті қылмыстық әрекет ретінде қарастыратын заңдар қолданылатынын ескере отырып, осы елдердің заңнамасын зерделеу, сондай-ақ Қазақстанда бар практиканы талдау қажет", – деді Нариман Төреғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу