Жасөспірімдердің 24%-ы отбасының қолдауын сезінбейді – зерттеу нәтижесі

Қазір ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өтіп жатыр.  

Жасөспірімдердің 24%-ы отбасының қолдауын сезінбейді – зерттеу нәтижесі Фото: freepik

Аталған жиында статистикалық деректер, зерттеулер, мәселе мен оның шешу жолдары кеңінен талқылануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Алтынай Есқалиева "Психология Қазақстандағы мамандық және ғылым ретінде: проблемалар мен шешу жолдары" тақырыбындағы отырыста бірқатар зерттеу нәтижесімен бөлісті. 

– ДДҰ-мен ынтымақтастықта 2021-2025 жылдарға арналған "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жүргізілген зерттеудің кейбір нәтижелерін ұсынайын. 

Жалпы халықтың үлес салмағын талдау психикалық бұзылушылықтары бар отбасылар бойынша – 3,7%, жыныстық зорлық-зомбылық – 5,2%, ПБЗ-мен проблемалары бар отбасылар – 7,9%, буллинг – 321,4%, зорлық-зомбылық – 42,4%, отбасындағы немқұрайдылық 60,9%-ды құрады.

Отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бойынша оқушылар былайша бөлінді: табысы төмен отбасынан шыққан балалардың үлесі 19,4%-ды құрайды. Жасөспірімдердің 24%-ы отбасының қолдауын сезінбейді, – деді ол. 

Рас, балалар уақытының көп бөлігін мектепте өткізеді. Мектептегі қолайлы физикалық және психологиялық орта денсаулықты, балалардың өміріне қанағаттануын және денсаулыққа ықпал ететін мінез-құлықты жақсартады. 

– Денсаулыққа қатысты субъективті шағымдар – психикалық денсаулық пен жалпы әл-ауқаттың маңызды көрсеткіші. Жасөспірімдердің 9,9%-да (11-14 жас) созылмалы аурулар болған, 36,4-ы денсаулыққа қатысты әртүрлі шағым білдірген және 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 16,6%-да психикалық әл-ауқаттың нашарлығы, ықтимал депрессия белгілері анықталған. Денсаулыққа қауіп төндіретін мінез-құлықты талдау көрсеткендей, сауалнамаға қатысушылардың 6,6%-ы – темекі шегушілер. Жасөспірімдердің 4,6%-ы өмірінде бір немесе одан да көп рет масаң күйде болған, 5,6%-ы жыныстық қатынасқа түскен.

Ғылыми деректер буллинг құрбандарында, сондай-ақ реніштер/қорлық жасайтын адамдарда психикалық денсаулықпен байланысты қосарласқан және болашақ проблемалары бар екенін көрсетеді. Мектептегі буллинг құрбандары балалардың 17,5%-ы болды, балалардың 3,4%-ы айына бір рет және одан да көп рет кибербуллингке ұшырады, – деп сөзін жалғастырды Алтынай Есқалиева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу