Жеке табыс салығын есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді

1422

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу тәртібіне қатысты өзгерістерге түсінік берді.

Жеке табыс салығын есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Комитет азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт жасасқан жеке тұлғалар мен қызметкерлердің міндетті зейнетақы төлемдері мен МӘМС жарналарын есептеу туралы 2018-2020 жылдар аралығында күшіне енген нормалар қате болып есептелмейтінін ескертеді.

"Себебі, бұл нормалар заң шығару кезеңінде қарастырылған. Ол туралы ақпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Парламентінің ресми сайттарында, электрондық үкімет порталында жарияланған. Осы уақытта ұсынылған өзгерістер бизнес қауымдастығымен бірлесе талқыланған", - делінген комитет таратқан хабарламада.

Сонымен қатар ведомство 2018 жылдың шілдесінен бастап азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін адам міндетті зейнетақы жарнасы өзі төлеп келгенін, алайда оған өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

"2019 жылдан бастап мұндай төлем салық агентінің (заңды тұлға, жеке кәсіпкер) міндеті болып саналады. Егер 2018 жылдың екінші жартыжылдығында міндетті зейнетақы жарнасы жеке тұлға (жұмысшы, қызметкер) өз бетінше төлемеген болса, жеке табыс салығы мен салық салынатын кірісті қайта есептеу талап етілмейді. 2018 жылға арналған жеке табыс салығы бойынша салық есептілігіне түзетулер енгізудің қажеті жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты салық агенттеріне (заңды тұлға, жеке кәсіпкер) салық есептілігін қайта есептеуге және өзгертуге тиісті уақыт берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу